Posted in

КӨҢІЛІ ЖАРАСТЫ

Тіл табысты, бір-бірін ұнатты. ~ Білем, білем, айтпасаң да түсіндім. Бұл бейбақ осымен екі іздеп келді, шын-ақ жақсы көреді екен. Көңілдерің жарасса — бет алдарыңнан жарылқасын. Б.Тоғ. ~ Жатақханада жалғыз отыр екен. Көңілді отыр екен. Көңілі жарасса бетіне қан теуіп, жанары жалтылдап жанып тұратын әдеті. Қ.Ысқ. ~ Әуелі тыңдап ал. Сенің онымен көңіл жарасқаныңды бұл ауылдан жан адам білмей қалады. Төркініңе кеткен боласың. Н.Дәут.