Қуанышты, шат көңіл-күй туралы. * Толқындарды бұрынғыша сүзгілеп, қайық жүзіп келеді. Алдағы аң аулау сәтін асыға күткен баланың да ажары ашық, көңілі жарқын. Ш.Айт. * Бұл сағатта басқан қадам, алған дем бойды кернеген бақыт ұшқындары ғой. Қараңғыда көңілі жарқырап, бойы ысып келе жатты. Ғ.Мұст. ~ Ескен желдей сырғи сусып, өмірді көшкен құмдай ұйпалайды екен-ау. Жүзінен қаны тамып тұратын қайратты кісінің халін-ай… Бір түрлі жадау. Ең тәуірі – көңілі жарқын… Қ.Тол.
