Posted in

КӨҢІЛІ ЖІБІДІ

Ашуы қайтты, қабағы ашылды. ~ Бір сәт оған көңілі жібіген сияқты болды, қожайын талай жұдырық ала жүгіргенде арашалап, таяқтан аман алып қалғанын, бірер мәрте ыстық тамақ бергенін ойлады. А.Смай. ~ Шайдан кейін ғана Достың құрысқан көңілі жібігендей болды. Ә.Нұрп. ~ Алладан уақи келсе керек, олардың көңілі жібіді білем: – Аузынан ант берді ғой. Антын ада етуіне орай берейік, өзімізбен бірге ала кетейік, – десті. Ж.Шәк.