Posted in

КӨҢІЛІ КҮЙЛІ

Жағдайы жақсы, көңілі орнықты. * Жастардың да жүрегіне сәуле шашып келеді. Көңілі күйлі, рухы биік осындай таланттар тұрғанда қазақ өнері ешқашанда өлмесі анық. БАҚ. * Көңілі күйлі сырнайдай,. Шырқайды, кәне, кім бірге?! Шырқаңдар, ей, құл, баласы,. Көтер, жаз, дихан, беліңді! Жұб.Молд. * Бірақ, жатысым жайсыз болса да, көңілім күйлі. Ойымда да, көз алдымда да әлгіндегі Гауһар. Оның әр сөзі, әр қимыл күлкісі көңілімде аса жылылықпен жатталып қалған. Б.Соқп.