Қайғылы, шерлі; әлдебір келеңсіз жағдайға алаң. ~ Даланың еркін өскен баласы шаһар дегенге ол кезде үрке қарайды. Бұрын көріп-білмеген жерді тосырқайды. Көңілі күпті. Ш.Бей. ~ Омардың көңілі күпті еді. Жылда осы мезгілде Бұландыдағы қыстағына шөп тасытып, жанталасып жүретін бай биыл тұяқ серіппей, күзеу басынан ұзап ешқайда шыққан жоқ. О.Бөк. ~ Оның аяқ астынан ешкімге айтпай әлдеқалай қыстаққа кеп қонған геологтардың самолетімен тайып тұрғаны ішіне батып-ақ жүр. Көңілі күпті. Жүрек толы уайым. Ө.Кәр. ~ Ауылдағы той-думанда, алтыбақан басында, көл жағасындағы айлы түндерде көңіл қосқан, бір-біріне ынтыққан екі жасты сыртынан қарайлап көзге түспесе екен, сөзге қалмаса екен дейтін жеңгенің қашанда көңілі күпті, алаңдауы көп. А.Жақ. ~ Жаратқан пендесінің жүрегін ізгілеп, жан дүниесін тазалап, пиғылын түзеп, адал еңбегімен қашан жарылқайды деп көңілі күпті болып жүргеннен гөрі баюдың ең төте жолы еді бұл. Е.Әлім. ~ Қонақжай қазақ дәстүрімен қолын қусырып қойын сойып, құрақ ұшып қымызын ұсынған үй иесінің жүзі сынық, көңілі күпті көрінген ғой. С.См.
