Posted in

КӨҢІЛІ КӨЛ-ДАРИЯ (КӨЛ)

Мінезі ақжарқын, пейілі кең, қолы ашық, жомарт. * «Құдам — Нағашыбай, күйеу балам — содан туған бала болса, қызыма ақ батамды бердім»,— деп, Ербатыр арылдап отыр. Ықылас-көңілі көл-дария. Т.Нұрм. * Ол қанына тартқан, ақсүйектігі де өзін даралар тұратын. Оның жүрегі жомарт, көңілі көл-дария еді. А.Әшім. * Айша кейде осындай. Мейірімі түседі. Кейде суға салып сабайды. Құдайым Айшаның көңілін көл қылсын. Ш.Мұр.