Масаттанды, рухтанды. * Көлеңкесіз көңілі көлдей шалқып. Армансыз құшып тұрды жас қыранын. М.Айтқ. ~ Басында көптен болмаған күй. Ал, жігіт тау гүлдерінің шоғырын тарту еткенде көңілі көл болып шалқыды. Е.Әл. * Судыраған жібек тулардың алтын оқалы шоқтары, шашақтары мен баулары жалт-жұлт етіп, сап сүмбілері жарқырап, көңілдері көлдей тасыған қалың нөпірдің ыңылдай салған әні күркіреген күйше гуілдеп тұрған болатын. М.Горьк. ~ Көңілі көлдей тасып, белшеден өмірдің қызығына батып, басы аман, бауыры бүтін боп жүрген жандар үшін мұндай бақастықтың қажеті де жоқ шығар. Н.Кел. ~ Көңілім көлдей болып жүргенде, мұршамды толғануға келтірмей байлағандай қылып, кеше келген алтай Сабалақтың қатыны өліп, қыз іздеп келген баласына мені бермек болып жатыр. С.Сей.
