Posted in

КӨҢІЛІ КӨНШІДІ

Жаны жұбанды; көңілі тыншыды; дегені орындалып, көңілі жай тапты; мауқы басылды. * Міне, əйел де еркекке осыны қылады. Етіне жеткенше шанша береді, ойбайлай бастады-ақ, көңілі көншиді, Ақиық пен жыланның анасы сонда барып сенеді. Ж.Айм. * Сондықтан ба, базары тарқап бағзыланған Көккөлге айына бір рет соғып қайтпаса көңілі көншіп көрген жоқ. О. Бөк. * Егер бұған көңілі көншісе, мені оңбаған деп атағанына тіпті қарсы болмай-ақ қояйын, солай деп айта барарсың. Ф. Дост. * Жоқ, бір кезде, әсіресе буының бекіп үлгермеген жас күніңде ізің түскен, қуанып-сүйінген не опынып-күйінген жерлерге қайта айналып соқпасаң, көңіл құрғыр көншімейді екен. О.Сәр. * Шәкен бұл сөзге көңілі көншіп, желпіне түсті. И.Жақ. ~ Әсеттің келген хабарын естіп, кеше әдейі іздеп барған. Тұрысбектің үйінде бірге түнеп шыққан. Түнімен елдің жай-жапсарын сұрап, көңілі көншіген. Қ.Тол.