Posted in

КӨҢІЛІ ОРНЫНА ТҮСТІ

Тынышталды, сабыр тапты. ~ Сол сөзді есіне алды да Бағданның көңілі орнына түсейін деді. С.Шайм. ~ Таң атыпты. Әдемі таң. Жаман түстен кейінгі жақсы таң… Көңілім де орнына түсті. Қ.Ысқ. ~ Айналаны тінте көз салып, серіктерінің ауылға қарай өтіп бара жатқанын байқады. Көңілі содан кейін ғана орнына түсті. М.Әбд.