Көңілі түсіп кетті; қабағы кірбің тартты. * Бұл сөз біздің басылымның тарихы тереңде жатқанын аңғартып қуансақ, «еді» деген өткен шақпен айтылған сөз шымбайымызға шын батты. Көнеден келе жатқан даңғыл жол тарылғандай көңіліміз ортайды. Н.Дүтб. * Көңілі тасып, төбесі көкке жеткендей шалқып, масаттанып жеткен Оспан Лиза шешейдің хабарын естігенде көңілі ортайып қалды. С.Жүн. * Барды қанағат тұтқан олар судан тапшылық көріп, көңілдері ортайды. Еккен өскіндері өнбей қалды, өнгендері қурап, құрдымға кетті. БАҚ
