Ренжіді, бұрынғы сезімі өшті. * Не онда жоқ, не мұнда жоқ, бұл қыз бір масыл болды ғой, өтпей қалып, абиырымды алмаса игі еді… — деп жүргенде, мына хабарды естіген соң, қызынан біржола көңілі суыды. Бүйтіп масқара болғанша, неге баласын түсіріп тастамады екен? Ж.Айм. * Көңілі суыған күні не қатын тастап кетеді екен, не өзі шығарып жібереді екен. Ж.Айм. ~ Айтайын, – деді содан соң күрсініп, – Дүние барған сайын қиындап, адамдардың бір-біріне деген көңілі барған сайын суып барады. Т.Әс. * Көрді ашып қараса, Әміреқұлдың қияқтай сұлу мұрты жидіп түсіп қалған екен. Әне, содан кейін көңілі суыған… Ш.Мұрт. * Бірақ.. бірақ…”Ең алғашқы ұлы махаббат кейіпкері, көз алдына елестеп, жүрегіне тастаған шоғы қоздағандай еді. Жалт етіп, ғайып болған бақыт құсы мәңгі оралмасына көзі жетіп, көңілі суыған еді ғой сорлының. Т.Рыс.
