Posted in

КӨҢІЛІ СУ СЕПКЕНДЕЙ БАСЫЛДЫ

Қуанышы ұзаққа бармады, көңіл-күйі оқыстан бұзылды. * Шүу-шүулеп қара есектің екі өкпесін тесердей тепкілеген Бекен әлгіге жете бергенде салпаңқұлақ жануардың Сәлімжандікі екенін танып, көңілі су сепкендей басыла қалған. С.Әбік. * Қайырболдының көңілі су сепкендей басылған. Т.Әс. * Осыны ойлап, бір сәт бойын масат буған абыздың көзі қарсы алдында тұрған Мас¬ғұттың қалың қабағына, тайқы маңдайына түс¬кенде, көңілі су сепкендей басылды. Т.Шап.