Қазаға байланысты жұбатып, “арты қайырлы болсын” айту. ~ «Сабыр етіңіз, бұ да бір уақыт шығар…» десіп, Мамырбайға тоқтау, көңіл айтысқан болды. «Қаза, шығын… қайырын тілеңіз!» дегені болмаса, Ақбілекті ауызға алуға бір адамның тілі бармады. Ж.Айм. ~ Мемлекет армиясы 36 двизиясының бастығы, дүңген генаралы алаяқ Ма Жұңйың өз мүддесі үшін Елсіханға хат жолдап, әкесіне көңіл айтады. Ж.Шәк.
