Posted in

КӨҢІЛ АЛДАР (АЛДАНЫШЫ)

Жүрек жұбанышы, жанға демеу. ~ Жә, сонда адам өмірінің мәні неде? Егер жарық дүниеге шыр етіп келген әр пенде өз тірлігінің ақыры бір жауған қар, бір бораған топырақпен көміліп қалатын із сияқты кемді күн көңіл алдар бірдеңе болса… Ә.Нұрп. ~ Әлде мамам көкемнің болашаққа даңғыраған үйде жалғыз қаларын — бір жылдан соң, мен де оқу іздеп кетемін ғой — оған да бір көңіл алдар ермек керек екенін сезіп, машина сатып алып берді ме?.. М.Қаб. ~ Енді біраздан кейін түн қараңғылығы қоюланып, көз жұбанышы, көңіл алданышы болып жатқан қалың жылқыны да көзіңнен тартып әкетеді. Ә.Әб. ~ Көзін сәл жұмса да, осы бір ұйқы қашқан кезде көңіл алдауға жараған әдемі елестен айрылып қалатындай. Ә.Нұрп.