Posted in

КӨҢІЛ АЛДАРҚАТТЫ

Өзін-өзі уатып, әлдебірдеңені жұбаныш қылды. ~ Өткеніңе өкінбе, көргеніңе кіжінбе! Осы айтқандарымды ұғып отырсыңдар ма, жоқ әншейін, мынау қаралы үйде мүлгіп-қалғып отыруға жалыққан соң бір сәт көңіл алдарқатқандарың ба! Ә.Кек. ~ … үй ішіндегі әрбір зат атасын еске салып, жаралы жүрегін одан сайын қан жылата түсетін. Сондықтан жарықта үйден қашып, жоқтан өзгеге көңіл алдарқатып, ұзақ күнді сыртта өткізуге тырысады. Т.Сәу. ~ Жаудың қоршауында қалғанымызға енді көзіміз әбден жетті ғой, көңіл алдарқататын еш нәрсе жоқ, осы кезге дейінгі күніміз бір бөлек еді, ендігі күніміз бір бөлек, құрбылар. Т.Ахт.