Posted in

КӨҢІЛ БҰЗЫЛДЫ (БҰЗДЫ)

Жүрекке қаяу түсті. ~ Соны білмекке келдім, пеш түбінде мысықша бұғып жата алмадым. Университеттегі жұмыстан кетірді, көңіл бұзылған соң қалам да жүрмейді… М.Сәр.~ Қалқам! Сен оны еске алма, Еске алсаң көңіл бұзылар. Емендер… Тозған ескі аула, Ескі бір жылдың сызы бар. Ұ.Дәб. * Не керек, көре алмадым өзге қызык, Жастардың шат күлкісі көңіл бұзып… Б.Тоғ.