Posted in

КӨҢІЛ БӨЛМЕ

Назар салма, көңіл аударма, алаңдама. ~ Біреуді көркі бар деп жақсы көрме, Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме! Әйел жақсы болмайды көркіменен, Мінезіне көз жетпей, көңіл бөлме! Абай. ~ Жәмилә (жайдарыланып). Көңіл бөлме. Біздің ағайдың уәдесі қардағы жазумен тең. Қ.Мұх. ~ О баста жаратушысы несібеңді қалыңның арасынан, өзеннің сағасынан тересің, ол үшін жаздың ыстығына да, қыстың суығына да қарама, күндізге де, түнге де көңіл бөлме, деп маңдайына біржола жазып тастаса, бұл шіркінге қайтпек керек?! К.Сег.