Тілектес, сыйлас, көңіл қалдырмас дос-жаран, жақын. * Сүлей көңіл жетер тең құрбыларына «кəсіп қылайық, егін салайық» дейді. Бірақ оны құнт қылып, соңына түсуге ыңғайы жоқ. Ж.Айм. * Ана жақта баласының басына бұлт айналып тұрғанын бұндағы ағайынға сәдеттеп, көңіл жетерлерінен қаржы жинап ала қайтатын ойы бар. Ә.Нұрп. * Ұйықтай алмады. Қалай кірпік ілсін топтан озып, жүлде алып жатса! Аласұрды да қалды! Көңіл жетер жігіттерге хабарласайын деп еді, әуелі өз төбесі көкке жеткен әйелі тоқтау салды. С.Нұғ. * Ауданның көрші колхоздарынан адамдар, ағайын-туыс, құда-жекжат жиналды. Республика мен облыстан Нұрмолданың көңіл жетерлері, ниеті дұрыс достары келді. С.Бақ.
