Posted in

КӨҢІЛ ЖҰБАНЫШ

Жанға демеу, көңілге медеу. ~ Жамал өзіне қатысы жоқ әңгімеге араласпайтын нағыз бейнеттің адамы болатын. Отағасынан ерте айырылған Жамалдың көңіл жұбанышы, жанына демеу осы қос перзенті еді. А.Әлт. ~ Алайда менің болмысымды тұмшалап алған ауыр қайғының құрсауы, серпілуіме мұрша бермеді. Кім көңіл жұбаныш білдіріп жатса да, бәрі де осылай болу керек сияқты, мағынасыз айналама көз жіберіп, меңзең күйде тұра бердім. АҚ. “Тағдыр”.