Уатты, көңіл айтты, көңілін аулады. * Не десеңіз де мен одан күдер үзген адаммын. Өтірік көңіл жұбатудың кажеті пе?! Б.Тоғ. ~ Асыл ағаның түбіне жауыздар жеткен екен ғой. Қайран ағайым-ай, — деп қайғыра үн қатып көңіл жұбатқан болдым. С.Бег.
- Көңіл көтерді. ~ Көрер таңды көзімен атқызған Сәуле Перизатты ертіп алды да, ертемен кешегі паркке тартты. Ондағы ойы кешегі күннің елесімен ес жинап, көңіл жұбатпақшы. Ә.Әб. ~ Тастан жаны көлеңкеде аздап сая тапқасын, жан – жағына қарап еді, көзі көк домбыраға түсті. Аздап көңіл жұбатайын дегендей, қолын созып домбыраны алып, шегін ақырын іліп – қағып керсе, түндегі бұрауы сол қалпында сыңғырап тұр екен. С.Мұқ.
