Жүрегіне жұбаныш қылды. ~ Бесбұлақ жайлауын, Қара-үңгір тауын қимай тұрғам. Көңілім пәс сияқты. Тек Баршатаста ағаңмен бірге тұрамыз деген сөз ғана көңіл аулаған. М.Мағ. * Көңіл аулайтын бірдеме бар ма өзі мұнда? Былай… аң атып, құс аулап деген сияқты. Д.Әш.
- Ыңғайына жығылды; көңілін табуға тырысты; ренжіткісі келмеді. * Мен қызымның көңілін аулағаныма қуанып, ілгері көз салдым. С.Шай. * Бірақ оның көңілін аулап жұбатудың жолын ол тағы таба алмады. Т.Нұрм. * Жолдастың көңілін аулап: “Е, егер олай болса, әттеген-ай екен!” – дедім де, екеуміз жөн- жөнімізге кеттік. Ж.Аяз.
