Posted in

КӨҢІЛ (КӨҢІЛІ) ҚИМАДЫ

Айырылысқысы келмеді, уысынан шығарғысы келмеді, аяды. * Күләш. Көңілің ғой, қалқам, көңіл қимайды ғой. Апам жарықтың өлімге қиярлық кісі ме еді? (Аз тым-тырыс.) М.Әу. ~ Дженевьева Джоны қаншама жек көрейін дегенімен, жек көре алған жоқ,— дұрысында ол Джомен емес, соған дегем ғашықтықтың азабымен арпалысты. Джоны ақтайтын мың да бір сылтау табылды, оны көңілі қимай жүргенін түсініп, қайран да болды. Дж.Лон. ~ Ет жүректі емес пе, орман тағысы жойдасыз табанын басайын десе – жүрегі шыдамай, жалт беріп кетейін десе – күлімсі иісті көңілі қимай тұра берді… А.Алт.