Тыныштанды, көңілденді, уайым-қайғысы тарқады. ~ Жаз шыға жан жадырап, көңіл жайланып, үш–төрт үй кәдімгідей ауыл салтанатын құрған. Ү.Жәл. * Дұшпанынан құтылып, Көңілдері жайланды. Жөнелтуге Құртқаны Көктім Аймақ ойланды. А.Байт. (“Қ.Қ.Қоб.”) * Жоқ, ерте емес. Алдымен келгендеріңізге қуанып айтам, деп Төлеген жылмаңдап: — Мінекей, тартыңыздар! — деп, манағы күміс сауытын ашып алдарына қойды. — Е, бәсе!— деп, Ықаңның көңілі жайланды. Ж.Айм. * Мен – Мінуармын, Досымбеков, әртіспін, – Жігіт қолын ұсынды. «Әртіспін» дегесін көңілі жайланды. Ш.Құм.
