Posted in

КӨҢІЛ (КӨҢІЛІ) ЖАСЫДЫ

Көңілі пәс тартты, қапа болды. ~ Жеттік біздер жылғаға, үнсіз көңіл жасыды, Орман жақтан шапшыған шапшаң жылға тасуы. М.Мақ. ~ Сол жылы өзен қатты тасыды. «Өзен тасыса көңіл тасиды, өзен тасымаса көңіл жасиды.» деген қанатты сөз бар ғой халықта. C.Ақт. ~ Өзінің панасыз, күйсіз жетім қалған ауыр жағдайы, сол кездегі ағайыннан көрген теперіші есіне түссе, күні бүгінге дейін көңілі жасып, қорланғандай болады. С.Мұр.