Posted in

КӨҢІЛ ҚОСТЫ

Жақындасты, ғашықтық қатынаста болды; ашыналық жасады, жұпттасты. ~ Күйеуінің қалпын оң жақта жүргенде-ақ сезіп, Зәйкүл бұзыла бастаған. Өздерімен бір жамағайын Сейіт дегенмен көңіл қосып, шығамын деп жүргенінде елі сезіп қалып, жібермеген. Б.Майл. ~ Бұл екі арада скифтердің әйелдері есікте жүрген құл-құтандармен көңіл қосып қояды. Т.Әсем. * Бұл үйде сен бақытқа кенелесің, Әсия. Ықтиярымызбен көңіл қоссақ бар жақсылығымды сенен аямаймын. Б.Тоғ. * Жүріс-тұрысымда ешбір ерсілік болмады. Ақырында Зәйкүлмен жақындасып көңіл қостым. Б.Май. ~ Өзі өте сымбатты, көрсе көз тоятын сұлу жігіт болса керек. Қысқасы, сол жігіт үйренісе келе, Керімбайдың оң жақта жетіп отырған қарындасы Гүлдерайым сұлумен астыртын көңіл қосады ғой… Қ.Жұм.