Posted in

КӨҢІЛ ҚОШЫ (ХОШЫ)

Жүрек қалауы. * Маған деген бар алғысын, көңіл қошын үнсіз-тілсіз жеткізіп, көзі жаудырап отыра берді. С.Ом. * Аққу құстай аймалап отырсам да, Келер емес айналып көңіл қошым. Б.Тоғ. * Сәмет көңіл қошын білдіріп, миығынан күлді. С.Ом. * Үйге барған соң асықпай отырып жырларсыз, – деп сыпайы ғана жымиды. – Жыр тыңдау үшін де көңіл хошы керек. Б.Тоғ.