Дұрыс деп тапты, жөн санады, жарарлық деп тапты. ~ Жамалды Ғалиға лайық көрген секілді болып, Ғалиды шын ықыласымен баласындай жақсы көруші еді. М.Дул. ~ Шешем мен Қаныша жеңгем бізге ілеспеді. Жылы орындарын әзірше, суытпауды, Тұйықта қала тұруды лайық көрді. Б.Соқп. ~ Егер сіздің бел балаңыз екенім рас болса, Зағираға мені лайық көрсеңіз, басқа қалауым жоқ дедім. Сыпатай мырза жадырап барып, қатты түнерді. М.Мағ. ~ Қазиза өз көңілімен бүгін Мақсұт пен Қамардың оңаша жолығуын лайық көрді. Ж.Ахм.
