Дұрыс емес, жарасатын қылық емес д.м. * – Сен өзің табарышсың… өзің жаңа пікірлі болам… Əйелдің теңдігіне ат салысам деп жүрген жігіттің бірісің… Осы істеп отырған жұмысың өзіңе лайық па? Ж.Айм. * Біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып, көз алартыспақ лайық па? Абай. * Естіген құлаққа бірқыдыру қызық, дегенмен, қаукөрік жеңіл қалжың, тым анайылау əжуа. Кейде, тіпті жеңілтек жеңсік секілді. О несі? Ағаға лайық па осы? З.Қаб.
- Талғамнан шыға ма д.м. * Қане, қане, көрсетші өзіңді! Біздің Майсараға лайық па екенсің? Иә-иә… Бір-біріңе сай екенсіңдер. Тату-тәтті болыңдар. С.Смат. * Үлкендердің сөздерін тыңдауға шетімізден әуес-ақпыз. Ол сөздері біз тыңдауға лайық па, жоқ па,- ол жағын білмейміз, әйтеуір олардың ауыздарынан шыққан жақсы сөзді де, жаман сөзді де, қағып ап, бойымызға сіңіре беретінбіз. С.Мұр.
