Posted in

ЛАЙЫҚ ПА?

Істіген ісі жөнсіз, дұрыс емес,жарасатын қылық емес д.м. ~ Біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің ағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып, көз алартыспақ лайық па? Абай. ~ – Сен өзіңтабарышсың… өзің жаңа пікірлі болам… Әйелдің теңдігіне ат салысам деп жүрген жігіттің бірісің… Осы істеп отырған жұмысың өзіңе лайық па? Ж.Айм. ~ Естіген құлаққа бірқыдыру қызық, дегенмен, қаукөрік жеңіл қалжың, тым анайылау әжуа. Кейде, тіпті жеңілтек жеңсік секілді. О несі? Ағаға лайық па осы? З.Қаб. Талғамнан шыға ма д.м. ~ Қане, қане, көрсетшіөзіңді! Біздің Майсараға лайық па екенсің? Иә-иә… Бір-біріңе сай екенсіңдер. Тату-тәтті болыңдар. С.Смат. ~ Үлкендердің сөздерін тыңдауға шетімізден әуес-ақпыз. Ол сөздері біз тыңдауға лайық па, жоқ па,ол жағын білмейміз, әйтеуір олардың ауыздарынан шыққан жақсы сөзді де, жаман сөзді де, қағып ап, бойымызға сіңіре беретінбіз. С.Мұр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *