Posted in

ЛАП ЕТПЕ

Қызба қанды, қит етсе дау шығаруға дайын тұратын адам туралы. ~ Қарттың мінезі шапшаң, бірақ қайтымы тез. Былайғы жұрт оның лап етпе ашулы кезіне ілігуден жалтарып осындай бас қосқанда жасқанады. Турашыл қарт әділдікке келгенде ешкімнің бет-жүзіне қарамайды. Ө.Кәр. ~ Сұлулық атаулыны тек өзі ғана меншіктеп алғысы келеді. Осындай бір лап етпе сезім Болатбектің де бойында бұлқынып жатты. С.Олж. ~ Келбеті жағынан әпкесіне ұқсағанымен, сырбаз, баяу Зәйраға мінезі үйлеспейді. Нәйра лап етпе әсершіл. Кісінің іші-бауырына кіріп тұрады. Ө.Кәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *