Posted in

ЛАУ ЕТТІ

Дүрк етті; бірден өршіп кетті; оттай лап етті. ~ Кім істегені белгісіз, әйтеуір жеті-түнде, барлық жұрт ұйқыда жатқан шақта ояз жатқан үй лау етіп өртене бастайды. М.Әу. ~ Қази (толқып). Сонысы да бар. Былай да ыза кернеп, шоқ түссе лау ете түскелі тұрған халық, оның түсін есітсе… С.Мұқ. ~ Екінші жағынан; терең жасырынған хайуани нәпсі сезімнің әдемі адами көрінісі – ғашықтық оты да лау ете түскен. С.Елу. ~ Айтуын айтып, тілін қыршып ала жаздады. Бойында жүрген қызғаныш деген пәленің ойда жоқта лау еткен сәті еді бұл. Y.Дәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *