Posted in

ЛАҒЫНЕТ АЙТТЫ

Қарғап-сіледі. ~ Қолымды кедейшілік кесіп отыр, — деп бір сабаз сүйгенінен айрылып, құсадан күйіп-жанып, қараша үйде қан құсқандай, өз тағдырына тағылық заңына лағынет айтып, Зәпирасын жоқтап күңіренген де болар. Б.Мом. ~ Мен сенің айтқанынды ғана орындаймын. Күт десең – күтемін, шалға бар, тұрмысқа шық десең – шығамын. Талай махаббаттың қанатын қырыққан қанды соғысты бастаған қаскөй жауға лағынет айтып шығамын. Ә.Нұрш. ~ Жолбасардың сөзіне қатар тұрып біз қысыламыз. «Қарт кісілер, ұят қой» дейміз. «Ай, көргенсіз!» деп ұрсып, тиып тастар дейміз. Тіпті, қарғап-сілеп, лағынет айтар деуші едік. Д.Қуат.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *