Жасырын есім; псевдоним. ~ – Ой, “Иісшіл ит-ай”, – деп еді сонда Иван Шавхатты лақап атымен атап, – сенің таппайтының болсайшы. С.Дос. ~ – Қайырболды Намазбеков дейсіз бе, – деді маңдайын уқалап, – Лақап аты емес пе екен? – Жоқ, азан шақырып қойған аты – деді енді күлкісі келе бастаған Сағындық. Т.Әсем.~ «Қиын адам» деген лақап есім иеленген, студент әулеті бетіне қарсы келмейтін, төбесін көргеннен айналып қашатын, «қиын адам» ту сыртында тұрған мұны байқамады. Д.Дос.
