Ақтара салды; төгіп тастады. ~ Ауыл шетіненәтеш шақырды. Жырақтағы қара адырдың қабырғасына, шошақ басына қызыл бояу жұқты. Ендігі мезетте тау беткейінен бермен қарай лақ еткізіп сүт құйып жібергендей сезілді. Д.Досж. ~ Бұл көкең жақтауын ашып, екі білегін сыбанып су шүберекпен сүртіп еді, сырттағы сәуле ішке лақ етіп құйылды. Д.Досж. Ойындағысы жасырмай айтып салды; ағынан жарылды. ~ Айгүл мен Ләзәт Ақжазықтың күллі оқиғасын солар арқылы елден бұрын естіп алады: таңертең бір-бірімен амандасқан сәтте-ақ олар естігендері мен білгендерін бір-біріне лақ еткізіп сөз арасында-ақ ақтара салады. Б.Нұрж. ~ – Папа, балалар жоқ күні бойы, соларды тауып алсаңызшы, – деп ана әйелді алдымен шақырғанын жақтырмағанымды білдірдім. – Олар қайда? – Білмеймін, сіз қарамаған соң, кетті бетімен, – деп ойымдағыны лақ еткіздім. С.Досж. ~ Бірақ өз сөзі, міне, тым ырық бермеді. Лақ етіп төгілгелі тұрған іштегі дауылды тежеп, өзіне тоқтатты. М.Әбдіх. ~ Сөйткен қадірменді ашық-жарқын, ақ кеңіл қарындасына іштегі сырын лақ еткізіп баяндағысы-ақ келетін. С.Ом.
