Шатақ шығарды; дүрбелең тудырды. ~ Ал мына Құдабай мен Қасымдыкі не?Ел аман,жұрт тынышта лаң салып, тыныштықты бұзып. Сіздерге тыныштық, бейбітшілік керек пе, әлде Құдайдың құтты күні қырқысып қан төгуіміз қажетпе? Ж.Шәк. ~ Сумандаған ұрыдай суық жел тұр, Жабырқаған гүлдерге лаң салған. М.Мақ. ~ Әдейі соқтығуға қара таба алмай, берісі Мезгіл, Шалқар болысынан бастап, Жыланды, Имантау, Зеренді, Айыртау болыстарында лаң салмаған жерлері кем де кем. С.Жүн. ~ Елдің бар тәуір аттарымен қоса, азығыңа деп жүз қаралы қой апарып берді. Онымен қоймай, Анненковтың бір топ жасағын ауылға ертіп әкеліп, лаң салды. М.Әбдіх.
