Рухтандырды, жаңа күш қосты; желіктірді. * Ендi байқаса, оның жүзi бiр ағарып, бiресе көкшiл тартады. Кей уақыт қызғылт нұры, жас сұлу жүзiне сәл ғана леп берiп, бiр толқып шығады да, лезде қайта сөнедi. М.Әу. * Айдың -күннің аманында аспан – жерді әлекке алдырып жүру сенің ата салтың ба?! Неғылды бұл? Айтшы кәне?! Айт тез! — деп Керімбек астындағы атына леп беріп өз тобының алдына таман шыға берген-ді. Ж.Ахм. * Қасқа бедеудің тізгінін біраз босатып леп берді де, сыдырта жөнелді. М.Әу. * Дуылдасқан көпшілік қайрау сөзді әр тұстан лақылдата леп беріп, осындайда өз руының ұранын жамыраса айқайласып қалады. С.Смат. * Әсіресе, сәті түсіп оны биге тарта қалсаң, жүзіне болымсыз қызғылыт бояу жүгіріп, ақырын ғана жымиып алатын да, ершімді бір қимылмен леп беріп, толқынша үйріліп, дөңгелене жөнелетін. Ж.Сәм.
