Жалаңаш денесін жаппады; пана бола алмады; жылытпады; қорғамады; қамзау болмады. * Айтқанындай – ақ, Қарымсақ басымен, осы үйде бір қабат жамылшы – төсеншіден өзге атқа тоқым, адамға лыпа боларлық нәрсе жоқ қой. Ж.Ахм. * Қай қамауға түспеген Дәркембай еді. Бірақ адам темір емес қой. Көңіл қайратты болғанмен, көне шекпен етке лыпа бола ма? М.Әу. * Үстіне кигені ағасы Сейдештен ауысқан ескі пальто еді. Өзі ескі, өзі кең киімде қайбір лыпа болсын, етектен үрген жел қойын-қолтығын қуалап, жонарқасы бір жылынбай, мұздайтын да тұратын. Д.Әш.
