Мас болып, не істеп, не қойғанын білмеді. * Сөйтіп, өзі мас, ананы тонаймын деп жүріп мүлде ләйліп болады да, ілгері қарай, жарым квартал жүріп барып, о да құлайды. М.Әу. ~ Әлгі әйелі түскір «жерікпін, желін жегім келеді» деп аузының суы құрып болмаған соң, күзетшіге көрсетпей шалбарымның ішіне тығып алып шығып едім. Ләйліп жүріп ұмытып кетіппін ғой!.. Т.Сәу. * Айлық, ақшаны ала келем деп еді. Бір жоғалса, мол жоғалып, ләйліп жүр тағы да. М.Қаб. * Күнде өстіп түс уақтында бір мезгіл жүз грамдатып тамақ жібітіп алатындары болмаса, бригадада салынып ішіп, ләйліп жүретіндер жоқтың қасы. Т.Сәу. * Бір үйді қырғыз алды – Шабдан манап, Оязы Қараөткелдің Измаилов Бір үйде ләйліп отыр ішіп арақ. Жиынға ояз мінген бір арғымақ Тыншымай мамағашта тұр қарғылап. І.Жанс. * Күнде өстіп түс уақтында бір мезгіл жүз грамдатып тамақ жібітіп алатындары болмаса, бригадада салынып ішіп, ләйліп жүретіндер жоқтың қасы. Т.Сәу. * Дінсіз, құдайсыз жұртта қасиет қала ма. Қалса, аузында арақ, езуінде шылым, ләйліп жүргені қалай, мына елдің. Н.Дәу. * ― Осылар-ақ жынды қылатын болды. Көзін қарашы, көзін! Түк жоқ, түк. Әлгі наша деген пәлесін тартып алып, ләйліп келеді, ― деген ақикөз адамның аттанға бергісіз айғайы Балтаны подъезге қуып тықты. С.Смат.
