Posted in

ЛӘЙЛІП ЖҮР (ОТЫР, КЕТТІ …)

Мас болып, не істеп, не қойғанын білмеді. ~ Сөйтіп, өзі мас, ананы тонаймын деп жүріп мүлде ләйліп болады да, ілгері қарай, жарым квартал жүріп барып, о да құлайды. М.Әу. ~ Бір үйді қырғыз алды – Шабдан манап, Оязы Қараөткелдің Измаилов Бір үйде ләйліп отыр ішіп арақ. Жиынға ояз мінген бір арғымақ Тыншымай мамағашта тұр қарғылап. І.Жанс ~ Әлгі әйелі түскір «жерікпін, желін жегім келеді» деп аузының суы құрып болмаған соң, күзетшіге көрсетпей шалбарымның ішіне тығып алып шығып едім. Ләйліп жүріп ұмытып кетіппін ғой!.. Т.Сәу. ~ Айлық, ақшаны ала келем деп еді. Бір жоғалса, мол жоғалып, ләйліп жүр тағы да. М.Қаб. ~ Күнде өстіп түс уақтында бір мезгіл жүз грамдатып тамақ жібітіп алатындары болмаса, бригадада салынып ішіп, ләйліп жүретіндер жоқтың қасы. Т.Сәу. ~ Бір үйді қырғыз алды – Шабдан манап, Оязы Қараөткелдің Измаилов Бір үйде ләйліп отыр ішіп арақ. Жиынға ояз мінген бір арғымақ Тыншымай мамағашта тұр қарғылап. І.Жанс. ~ Күнде өстіп түс уақтында бір мезгіл жүз грамдатып тамақ жібітіп алатындары болмаса, бригадада салынып ішіп, ләйліп жүретіндер жоқтың қасы. Т.Сәу. ~ Дінсіз, құдайсыз жұртта қасиет қала ма. Қалса, аузында арақ, езуінде шылым, ләйліп жүргені қалай, мына елдің. Н.Дәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *