Ойынан кетпей, дегбірін қашырды; алаңдатып, тыныштық бермеді. * Бір кезде Сәрсебек ағайыма да үйлен, үйге бір шүйкебас кіргізіп бер деп, құлағын қажап маза таптырмайтын. Б.Соқ. * Олардың бойында мені мен саған бұйырғанның бәріне қарсылық пен қызғаныш қабат өмір сүреді. Маза таптырмайды. Өртейді. Д.Қу. * Әлде тіпті ел бетіне көрінбей, қаңғырып жоғалсам ба екен? Бармасам ба екен? Сонда қайда барам? Қалай күн көрем? Осы тәрізді ащы ойлар жанымды жегідей жеп маза таптырмайды. Б.Соқ. ~ Сот мәжілісі басталғанға дейін ауыл советтің кеңсесіне қамап қойды. Бала – шаға қызықтап, терезеден сығалап, маза таптырмайды. Б.Соқ. * Осындай атағы зор ЖенПИ – ге жолы түспей жүргеннің біреуі мен едім. Міне енді жүрегімнің жүр, жүр деп, маза таптырмай сүйрелеуімен мен де келіп тұрмын. Б.Соқ.
