Еппен, ақырын. * Ол балғасын тық – тық ұрып, шегені баптап отырып сіңірді де танауының ұшына мөлдіреп кеп, үзілейін деп қалған бір тамшы терді саусағымен сары майдан қылшық суырғандай шымшып алып тастады. Қ.Ысқ. ~ Көзінің отындай жарқ ете қалған найзағай қарға адым жер көруге мүмкіндік жоқ қараңғылықта майдан қылшық суырғандай жиіжиі тілгілеп, Қойшыға жол сілтейді. О.Бөк. ~ Бұған ерекше қуанған Көбен: «Ендеше сүйек жаңғыртамыз!» – деп майдан қыл тартқандай қонағына жабыса кетті. Б.Тоғ.
