Posted in

МАЙЫН МІНДІ

Күш-көлікті біреуден уақытша сұрап алып пайдаланды. ~ ~ Менің астымдағы семізден бүгіліп жарап жүретін Бақайдың күрең аты. Онан майын мініп жүргемін. Түнде күреңді ұрлыққа салам. І.Жан. ~ Маған бір жақсы ат беріңіз, майын мінем де, басын қайырам. Ғ.Мұст. ~ Түнеугүні жалғыз биені ұры әкетті, қыстыгүні екі түйенің бірін зауыттан кіре тартам деп Абдырахман майын мініп, жоқ қылып келіп, уди-суди қылып, құнын да жөндеп төлемей кетті! — деді Қоңырбай. С.Сей. ~ – Жыл жайын көріп, жұтау қорқынышы басқа төнгеннен кейін,— деп жалғастырады әкем әңгімесін,— алысқа айдауға болмайтын қой-ешкіні, «келер жылы тұяққа тұяқ қайтарарсың» деп маңайдағы елге түгелге жақын үлестірдім, басы артық түйелерді «майын мін де, қыстай асырап бер» деп ауыл-ағайынға таратып, жылқыны «жері от» деген Орал тауына айдап жөнелдім… С.Мұқ:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *