Posted in

МАЛДАН ҚҰРЫҚ, БАСТАН СЫРЫҚ ТҮСПЕДІ

Әбден басынып, қорлады, күн көрсетпеді. ~ — Мынау елдің пәлесі тыйылар түрі жоқ. Тыныш отырып, мақұл кісі болайық десек, малымыздан құрық, басымыздан сырық дегендей арылар емес. Ел істегенді біз де істейтін кезге келдік білем, Бақтығұл. М.Әу. ~ Осы ит не былшылдап отыр? Құдайдың жазғанынан артық не қыламыз, екінші кісіге береміз десең, Байжан болыстармен қосылып, біздің жанымызды қоя ма? Малымыздан құрық, басымыздан сырық түсіре ме? М.Дул. ~ – Мұндай іс, білемісің, жаман атақ, Бармасаң да береді байлап-матап. Малдан құрық, басынан сырық кетпей, Бермесе дау көбейер болып шатақ. С.Тор. ~ Байжан болыстармен қосылып, біздің жанымызды қоя ма? Малымыздан құрық, басымыздан сырық түсіре ме? М.Дул. ~ «Төрелер мені басынды, малыма пышақ жұмсай бастады, егер алғашқы адымында тыйып тастамаса, олар малдан құрық, бастан сырық айырмауға кірісті… С.Мұқ. ~ Атқа мінгеннің жөні осы екен деп, малдан құрық, адамнан сырық түсірмей әбден сілікпесін шығардың. Аузымды қышытпа. О.Бөк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *