Posted in

МАЛЫН КӨЗІНЕ СҮРТКЕН

Малы көп, бай. ~ Тіпті Сары атанды Нақабай үйретпейін деген де жоқ. Оны «малын көзіне сүрткен» деп жұрттың айтатынындай ойы да болмаған-ды. Б.Қыд. ~ Қожанай қызда зеректік барын байқап, баласына айттыруға құдалық сөйлесіпті. Балықшы шал тез көніпті. Бай малды айдап беріпті де, қызды Тесікбайға алып беріпті. Ел: «Малын көзіне сүрткен Қожанай қу кедей балықшының қызын баласына әперді» дейді. Қожекең, амал не, балам тең болмады-ау деп, арман етеді екен. Қаз.ерт. (“Ақылды қыз”)

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *