Posted in

МАЛҒА БӨКТІ

Байлық-дәулетке кенелді. * Екінші – ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара тапса, малға бөге қалған кісімсіп, «маған мал жоқ па?» дегендей қылып, еріншектік, салдау-салғырттыққа, кербездікке салынады. Абай. ~ – Бәрекелде! Кешеден бергi кеңесiмiз өзiңе сондай бiр жақсы түйiн түйгiздi- ау. Мынауың бiр мақал болатын сөз ғой. Ақыл – малға бөккен бай-бағланда емес, азаппен сор кешкен жаралы, жарлы ойлыда десеңшi! – дедi. М.Әу. ~ Енді, міне! Бақсам, бір Қаумен емес! Айналада, ойдым-ойдым аралдай боп, байлығына, барлығына мәз болған кей атқамінер пысықты, малға бөккен арамтамақты қайтейін. Ол, өзің білесің, баяғыдан менің туысым да, татуым да емес. М.Әу. ~ Көтеріліп алған иығы мен кеудесі мынау отырған барлық адамнан асып, биік тұрғандай. Малға бөккен, киім-бұйымға бөленген мырзасымақ, байсымақтың бәрінің ажары болымсыз, жүпыны киім ішінде болса да, халықтан шыкқан Базаралы қасиет ұлындай. М.Әу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *