Posted in

МАЛ БАРЫМТАЛАДЫ

Біреудің жылқысын айдап кетті. ~ Сүтемген хатты ішінен оқыды, ол былай жазылған екен: «Сен, иттің баласы — ояз, неше жыл менің қыр соңымнан қалмадың. Өзің тура тимегенмен судьяңды, басқа төрелеріңді соңыма түсірдің. Жерімді алдырған да сен. Ауылымды күйдірген де сен! Малымды барымталаған да сен! Абақтыға жапқызған да сен. С.Мұқ. ~ “Бірі “Ақанмен кеткен әншілер шығар, еш аламыз деп мал барымталаған”, “онымен қайда барады, ертең-ақ тауып алмай ма” десе, енді бірі “оның реті келмес, Ақан ондай іске бармаса керек … С.Жүн. * «Шақыртқанда келмедің» деген сылтаумен Құнанбай Бөжейге дүре соққызады. Малын барымталайды. Т.Жұрт. * Арқалықты жайлаған азғана ауылдың малын барымталап əкеткен жауына жалғыз шауыпты да «ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен» тізе бүктіріп қайтып … З.Қабд. ~ Одан кейін Уәлінің үлкен әйелінен туған Әбәйділда — «әкемнің, тағы менікі» деп жанжалдасып, ол да «Ит жеккенге» жер аударылған. Айғанымға әлі жетпесін байқаған рулар «бет-бетімен түйе айдап» дегендей, бөлшек-бөлшек болып кетіп, бірінің малын бірі барымталап, елде талан-тараж ұлғайған. С.Мұқ. ~ Көкпекті мәжілісі аяқталған күннің таң қараңғысында бір топ салт атты ашықтан ашық «Боранбайлап!» ұран көтеріп, темір торға қамалған Мүрсәліммен бірге оны қолдағаны үшін отырғызылған азаматты және мал барымталады деген сылтаумен бұрынырақ қамалған екі-үш жігітті босатып әкетіпті. К.Сег. ~ 20 жылдардың аяғына қарай Қуандық рулары Қаракесектердің, олардың көптеген жерлерін басып алуына және мал барымталауды тоқтатпауына байланысты, Батыс Ciбip генерал-губернаторына бірнеше рет арызданын, олар өздері тұрған аймаққа дербес округ пен приказ ұйымдастыруды өтінеді. Р.Кар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *