Posted in

МАЛ МЕН ЖАН

Жиған мал-байлығы, бала-шағасы, бар болмысы, бәрі түгелімен д.м. ~ Болар ма мұндай көркем туған адам, Табар ма бұ суретті көрген адам. Мал мен жанды бірдей құрбан қылып, Жетер ме дүние кезіп, соған адам?! БС. “Сейпілмәлік”. ~ Күндердің күнінде ысыла түсіп, байды баурап, мал мен жанды билеп кетуге қаупі бар тоқалға күні бұрын қам қылуға мына қас қағысу ойда жоқта бәйбішеге түскен олжа еді. І.Жанс. ~ Құшақтасып моланы «Қош мекен» деп шықты шу… Соқты қырдың бораны, Жұтқа ұрынды мал мен жан. І.Жанс. * Өлкемізге жүз жылда бір айналып соғып тұратын жер сілкінісінен соң жұрт енді ес жиып, мал мен жанын түгендеп жатқан аласапыран шақта жанталаса жекешелендіріп, айналасын мейілінше кең қоршап алған алағай да бұлағай аулалы, үгітілген іргетасының қисықтығы ұсқынсыз шатырының алыптығынан байқалмай тұрған үйімнің алдында отырғам. Ғ.Боқаш. * Жайықтың бергі бетінде орналаскан он екі ата Байұлынын елін Еділ бойының қалмақтары тұтқиылдан келіп, көптеген мал мен жанын шауып алып кетіпті. Б.Тɵлеу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *