Іске алғысыз етті; аяққа басты; бас тартты; іргесін аулақ салды, тәрк етті. ~ . Қазаққа қатысты әдет-ғұрып, салт-сана, ұлттық дәстүрлер түгел артта қалған, кертартпа, зиянды деп табылды, қазақтың тілі шетке қағылып, өткен тарихы мүлде мансұқ етілді. М.Мағ. ~ Абайда өзіне дейінгі, өзінен өзге қазақ қаламгерлерінің тілін мансұқ ету пиғылы жоқ. Р.Сызд. ~ Ішіп келген еркек не демейді, бетіңе тік қарап, бір сөз айтты екен деп, Құдай қосқан қосағыңды мансұқ еткің келе ме? Ә.Тар. ~ Есіктен кіріп-шығып, құжынап жатқан көптің ішінде Зәрипа бөлекше көзге түседі: төңірегінде ел жоқтай, дүние- әлемді мансұқ еткендей ілбіп келеді екен. Ш.Айт. ~ Тиянақ-тұрлауы жоқ тіршілік әлемін мансұқ еткен ғарып көңілдің пәни дүниемен қоштасардағы ақтық сөзін … Ғ.Біл. ~ Баяғы Октябрь төңкерісінен соңғы құл-құтанның ұраны бойынша. Ата-қазақтағы ұлы тұлғалардың бәрі мансұқ етілді. Ойшылдарың – қияли, ақылманың – наркоман, ғұламаң – сатқын деп жарияланды. М.Мағ. ~ Бірде осындайды пайдаланып, Майқы сөйлеп отырғанда екі би тәртіпті мансұқ етіп, Майқы алдын кес-кестей берген. Р.Кар. ~ Жарым менің – жарым болмай аңсаған, Жерім менің –көрім болса қаусаған, Бар антымды, бар сертімді мансұқ қып, Көз қиығын салар ме едім мен саған. О.Сүл.
- Өзек етті; негіз қылды; мақсат тұтты. ~ Талант табиғатына тəн дарындылықпен ұлтшылдық идеяны шығармаларына мансұқ еткен ұлт қаламгерінің бірі əрі бірегейі де Мұхтар Мағауин болатын. А.Кәкен. ~ “Арал тағдыры – адам тағдыры” деген әдемі сөзді ел көзінде елтең-селтең жүргенді мансұқ еткен епті жігіттер қызыл тілді қайраққа жанып-жанып алып, халық алдында ана мінбеден де, мына мінбеден де қиқулатар-ау! Ә.Нұрп.
