Әлдебір істің қайыры болмады; пайда көрмеді. * Шашасына шаң жұқпайтын төкпе шешендер, кешегімен салыстырып келешекті болжай білетін білгір көсемдер өрлі-қырлы сөз ағылтып, ой сабылтып отырып, ақпатшаға бодан болған бұратана елге отаршыл үкіметтен опа шықпайтынын да, қарсылық жасап марқадам таппайтынын да дәлелдеп болып, үдере көшіп шетелге кетіп қара батыруға бас шұлғысып, ат басын түйістіре бастаған тұс еді. Ғ.Біләл ~ Онымен ерегісіп марқадам таппайтынын білетін Болатбек ләм-мим деместен бастығының бөлмесін босатты. C. Олж. * … долданған қатынмен тәжікелесіп марқадам таппасын білген ол бетін ірге жаққа беріп, басын қалың түйе жүн күпісімен тұмшалап жатып қалды… Қ.Мүб. * «Бөлiнгендi бөрi жейдi».Бiрiң Төре, бiрiң Қожа, бiрiң Алшын, бiрiң Қырғыз болып марқадам таппассың. К.Сег. * Елісхан хатты оқып көрсе: “Шыңшысәймен қарсыласып, марқадам таппайсың. Жұмыртқадай шағыласың. Онымен келісуден басқа шығар жол жоқ… ” – депті. Т.Рыск.
МАРҚАДАМ ТАПТЫ
Көңілі көншіді, әлдебір істің пайдасын көрді. ~ Жайдарлы жаз қайта айналып келгендей жан-жануар масайрап, күннің көзінен қуат алатындай сары даланың құшағына сағыныштарын сіңіріп, күз бояуын қондырып, дала төсінен марқадам табуда. А.Кеңш. * ~ Ол бұл өмірдің қулық-сұмдығын үйрене алмай-ақ кетті. Басын тауға да, тасқа да ұрды. Ақыры, діннен марқадам тапты… бәлкім, таппады. Өзін көп іздеді. Т.Таң.
