Бұйырған тағдыр. * Осы беті оқи берсе офицер болатын, одан әрі маңдайына жазғанын көретін Шыңғыс, школаға түспей тұрып-ақ болашағына бөгет боларлық бір оқиғаға іліккен еді. С.Мұқ. * Сол емес пе, қит етсе, бұған: “Тіріде талабы ілгері баспаған сорлы. Екі елі маңдайына жазған тиесі сыбағадан қағылып құр қалатын қырсығы бар”,– деп табалайтын. Ә.Нұрп. ~ – Шілдехананы да құдай Қозған әулетінің маңдайына жазып қойып па? Т.Әбд. * Міне, осындайлардың жаман атағы шығып, «батырақтар жалпағынан жалқау, маңдайына жазбаған соң мандымады» деген сөзге жолықты. І.Жанс. ~ Онжылдықты бітіріп, маңдайына жазылған мамандықты алды. К.Жүн. ~ «Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар» деген. Маңдайына жазылған ғұмыры да бар шығар». Н.Қуан. ~ Егер маңдайына жазылған жазудың бары рас болса, соны өзі де көргісі келеді ғой. Ш.Бейс.
МАҢДАЙЫНА ЖАЗЫЛМАҒАН
Бойына бітпеген; тағдырына тимеген; адами болмысына, мінез-құлқына жат. ~ Алдамшылық – ежелдің ең күнінен Боранқұлдың маңдайына жазылмаған қасиет. Ғ.Біл. ~ Ол, жас париждік кенеттен өз сұлулығынан тым ерте айырылып қалғанда айна немесе сол тәріздес дүниелерден, тынық су бетінен өз бейнесін көріп қорыққандай, ешқашан қорықпайтын, ол сезімнің дәмін тату мұның маңдайына жазылмаған еді. О.Уайльд. ~ Былайша айтқанда клиент болу үлкен өнер. Кезекте тұрғанның кез келгенінің қолынан келмейтін, жұрттың бәрінің маңдайына жазылмаған өнер. Е.Әл.
